Қауіп пен жауапкершілік

    Сарыағаш ауданы «Сарыағаш» қаласының, «Дербісек», «Жібек жолы» ауылдарының жергілікті тұрғындарына экстремизм мен терроризмге қарсы «Қауіп пен жауапкершілік» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шараға аудандық ақпараттық насихаттық тобының мүшелері арнайы келіп қатысты.

    Іс-шараның мақсаты – экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ олардың қоғамға төндіретін қауіптері туралы жан-жақты ақпарат беру болып табылады.

    Іс-шара барысында тұрғындарға жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, әлеуметтік желілердегі теріс контенттерден сақтану жолдары түсіндірілді.

    Сонымен бірге шараға арнайы келген спикерлер баяндама жасап: «Экстремизм мен терроризм өте нәзік құбылыс. Бүгінде жастар түрлі әлеуметтік желілер арқылы теріс идеологиялардың арбауына түсуде. Біз экстремизм мен терроризмге қарсы күресіп қана қоймай, алдын алуымыз қажет.

    Терроризм – тек физикалық қауіп емес, ол – қоғамның санасына жасалатын шабуыл. Бұл қауіппен тек құқықтық жолмен ғана емес, ақпараттық және тәрбиелік деңгейде де күресуіміз қажет», - деп атап өтті.

    Жиынға қатысушыларға экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық шаралардың маңызы, күмән тудыратын ақпараттармен соқтығысқан жағдайда қайда және кімге жүгіну қажеттілігі түсіндірілді.

    Мамандар тарапынан ҚР заңнамасына сәйкес, терроризм мен экстремизмге қарсы әрекет ету әрбір азаматтың азаматтық борышы екені айтылды.

    Осыған орай, құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындарға күдік тудыратын әрекеттерді байқаған жағдайда дереу хабарлау қажеттігін ескертті.

    Кездесу қорытындысымен тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға мардымды жауаптар берілді.

    Кездесуге барлығы 50-ге жуық ауыл тұрғындары қатысты.

    Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары