Халықтың діни сауаттылығын арттыру тек оқу орындарымен шектелмейді. Астанада ақпараттық-түсіндіру жұмыстары азаматтардың жұмыс орындарында, соның ішінде сауда нысандарында да жүргізіледі.
Елордадағы «Шарын» базарында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, сауда қызметкерлері мен келушілер үшін төрт профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Жалпы 150 адам қамтылды.
Кездесулердің негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты болды. Қатысушыларға зайырлы мемлекет қағидаттары мен діни қызметті реттеудің заңнамалық негіздері туралы ақпарат берілді.
Мұндай іс-шаралардың ерекшелігі — түсіндіру жұмысының халықтың кең тобына қолжетімді болуы. Азаматтар діни саладағы өзекті мәселелермен күнделікті жұмыс орнында таныса алады.
Сауда нысандарындағы кездесулер профилактикалық жұмыстың ауқымын кеңейтіп, халықтың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
Бұл тәжірибе қоғамда радикалды діни идеялардың таралуының алдын алу құралдарының бірі болып саналады.
Материал Астана қаласы ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









