Баланың өмірге келгеналғашқы күндері мен апталары ерекше жауапты кезең болып табылады, өйткені нәрестенің иммундық жүйесі әлі толық қалыптаспағандықтан, оның ағзасы түрлі инфекцияларға анағұрлым бейім келеді.
«Жаңа туған нәрестелердің іріңді-септикалық инфекциялары» ұғымына ауру тудыратын микроорганизмдердің бала ағзасына енуі нәтижесінде пайда болатын инфекциялық аурулар тобы жатады.
Олар жергілікті іріңді-қабыну үдерістері (тері, кіндік жарасы, көз инфекциялары) түрінде көрініс табуы немесе сепсисті қоса алғанда, ауыр түрде өтуі мүмкін.
Жаңа туған нәрестелер инфекцияларға ерекше осал, себебі олардың иммундық жүйесі әлі жеткілікті дәрежеде қалыптаспаған.
Сондықтан мұндай аурулардың алдын алу медицина қызметкерлері мен ата-аналардың маңызды міндеті болып табылады. Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі шарттарының бірі – қарапайым гигиена ережелерін сақтау.
Нәрестені қолға алар, тамақтандырар немесе гигиеналық күтім шараларын жүргізер алдында қолды мұқият жуу қажет.
Кіндік жарасының күтіміне ерекше назар аудару керек: ол таза әрі құрғақ болуы тиіс. Емшекпен емізу қағидаларын сақтау, бөлменің тазалығын қамтамасыз ету, бөлмені үнемі желдету және инфекциялық аурулардың белгілері бар адамдармен нәрестенің байланысын шектеу қажет.
Сонымен қатар педиатрдың профилактикалық тексерулерінен уақтылы өтіп, медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын орындау маңызды.
Жеке атап өткім келеді: егер балада әлсіздік, емшек сүтінен бас тарту, дене температурасының көтерілуі немесе төмендеуі, тыныс алудың қиындауы, кіндік аймағының қызаруы немесе іріңді бөліністер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.
Құрметті ата-аналар! Өз бетіңізше ем қабылдамаңыздар және дәрігердің тағайындауынсыз дәрілік препараттарды қолданбаңыздар. Жаңа туған нәрестенің жағдайындағы алғашқы қарағанда елеусіз көрінетін өзгерістердің өзі мұқият назар аударуды талап етеді.
Естеріңізде болсын: тазалық, дұрыс күтім, емшекпен емізу және медициналық көмекке уақтылы жүгіну – жаңа туған нәрестелердегі инфекциялардың алдын алудың маңызды құрамдас бөліктері. Балаларымыздың денсаулығы ересектердің қамқорлығынан басталады!
Жаңа туған нәрестенің денсаулығы көп жағдайда гигиена ережелерін сақтауға, уақтылы медициналық бақылауға және өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекциялық аурулардың алдын алуға байланысты.
Ата-аналарға негізгі үндеу!
Жаңа туған нәрестенің денсаулығы тек медициналық көмекке ғана емес, ата-анасының күнделікті қамқорлығына да байланысты.
Үш негізгі қағиданы есте сақтау қажет:
1.Таза қол – инфекцияның берілуінен қорғанудың ең маңызды жолы.
2.Балаға дұрыс күтім жасау – қабыну ауруларының алдын алудың негізі.
3.Дәрігерге уақтылы қаралу – инфекцияны ерте кезеңде анықтап, асқынулардың дамуына жол бермеу мүмкіндігі.
Аурудың алдын алу әрқашан дамып кеткен ауруды емдеуден тиімдірек.
Балаларыңыздың денсаулығын сақтаңыздар, медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын орындаңыздар және профилактикалық тексерулерден өтуді естен шығармаңыздар.
Дені сау болыңыздар, балалардың денсаулығын сақтаңыздар!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









