Петропавлда Президенттің жаңа Жолдауында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыру барысы талқыланды

    1 / 3

    Қала активінің отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.

    Мемлекет басшысы өз Жолдауында елдің одан әрі дамуына бағытталған бірқатар маңызды міндеттер мен бастамаларды атап өтті. Атап айтқанда:

    - Цифрлық кодексті қабылдау жұмыстарын жеделдету;

    - ауқатты азаматтарға салықты арттыру және сән-салтанатқа салынатын салықты енгізу мәселесін қарастыру;

    - 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік нысандарын тексеруге үш жылдық мораторий енгізу;

    - «Халықтық құрылыс» жобасы аясында өңірлерде шамамен 70 денсаулық сақтау нысанын және білім, спорт, мәдениет салаларында 50-ге жуық нысан салу;

    - ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру.

    Жиын барысында Президент тапсырмаларын Петропавл қаласында жүзеге асыру жолдары да сөз болды. Атап айтқанда, қалалық инфрақұрылымды жаңғырту, инвестиция тарту, өнеркәсіпті дамыту және өндіріс орындарына цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне баса назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары