Ұлттық ұлан сарбаздарына арналған анонимді өтініш жүйесі сынақтан өтіп жатыр

    ҚР ІІМ Ұлттық ұланында әскери қызметшілер мен қолбасшылық арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған ULAN SENIM цифрлық жүйесі сынақтан өтіп жатыр. Жоба Алматы қаласындағы 6654 әскери бөлімінде енгізілген.

    Қазақстандық Aitu мессенджері негізінде әзірленген жүйе сарбаздарға QR-код арқылы кіріп, қолбасшылыққа анонимді түрде өтініш жолдауға мүмкіндік береді.

    Әскери қызметшілер әлеуметтік-тұрмыстық жағдай, материалдық қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, моральдық-психологиялық ахуал және қызметті ұйымдастыруға қатысты мәселелерді көтере алады. Сондай-ақ өз ұсыныстарын білдіріп, өтініштің қаралу мәртебесін бақылай алады.

    Әр өтінішке бірегей нөмір беріліп, оны қарауға үш күн мерзім қарастырылған. Ал қолбасшылық өтініштердің орындалуын арнайы жеке кабинет арқылы бақылайды.

    Қазір жүйенің мүмкіндіктері мен жұмыс тәртібі сынақтан өткізіліп жатыр. Нәтижесіне қарай ULAN SENIM платформасын Ұлттық ұланның өзге әскери бөлімдеріне де енгізу жоспарлануда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Талас ауданының әкімдігі" жаңалықтары