СҚО намысын қорғаған Иван Залезняк Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды

    Солтүстікқазақстандық спортшы Иван Залезняк Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды. Пара жеңіл атлетикадан ядро итеру сайысында ол 12,71 метр нәтижемен үшінші орынды иеленді.

    Иван Залезняк – осы беделді халықаралық жарысқа Солтүстік Қазақстан облысынан қатысқан жалғыз спортшы. Ол Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетіп, өңіріміздің намысын абыроймен қорғады. Айта кетейік, бұл – спортшының Азия Пара ойындарында жеңіп алған үшінші қола медалі. Бұған дейін ол 2018 және 2023 жылдары да жүлдегер атанған болатын.

    Облыс әкімі Иван Залезняк пен оның жаттықтырушысы Дмитрий Клеевті жоғары спорттық жетістігімен құттықтады.

    «Бұл медаль – қажырлы еңбектің, табандылық пен мақсатқа деген адалдықтың жемісі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, халықаралық ареналарда жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспін»,- деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары