Облыс әкімі жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді тапсырды

    Күннің суытуына байланысты жылыту жүйелеріне түсетін жүктеме артып, өрт шығу қаупі де күшейеді. Биылғы жылыту маусымы басталғалы облыста 28 өрт оқиғасы тіркеліп, бір адам жарақат алды.

    Облыс әкімдігінің отырысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, тұрғын үй секторына, әсіресе әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлеріне ерекше назар аударуды тапсырды.

    Тексеру барысында 1 967 тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының 2 698 бұзушылығы анықталған. Жылыту жүйелері мен электр сымдарына қатысты барлық кемшіліктерді жою қажет. Қажет болған жағдайда тұрғындарға атаулы көмек көрсетілуі тиіс.

    Сонымен қатар өрт гидранттарының жарамдылығын, арнайы техниканың әзірлігін қамтамасыз ету және «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ауылдық өрт сөндіру пункттерін уақтылы іске қосу міндеті қойылды.

    Облыс әкімі мобильді топтардың жұмысын күшейтуді, тұрғын үй секторында профилактикалық аралау жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ жатақханаларға, хостелдерге және пешпен жылытылатын нысандарға тексеру жүргізуді тапсырды.

    Әр бағыт бойынша нақты міндеттер мен оларды орындау мерзімдері белгіленді. Басты мақсат – төтенше жағдайлардың алдын алып, ықтимал қауіптерді дер кезінде анықтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары