Президент солтүстікқазақстандық аграршылардың еңбегін атап өтті

    Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумы өтті. Форумда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың келешегі, соның ішінде ауыл шаруашылығы өндірісіне цифрлық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

    Мемлекет басшысының Жарлығымен жерлесіміз, Тайынша ауданындағы «Астык-STEM» ЖШС-нің басшысы Сергей Адамович Звольскийге «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Ол 40 жылдан астам уақытын ауыл шаруашылығына арнады. Бұл жоғары марапат – оның көп жылғы адал еңбегі мен аграрлық саланы дамытуға қосқан үлесіне берілген лайықты баға.

    Президент солтүстікқазақстандық аграршылардың ауыл шаруашылығы өндірісін цифрландыру тәжірибесін жоғары бағалап, Ғ. Мүсірепов атындағы аудандағы «Ақселеу» шаруашылығын мысалға келтірді. Кәсіпорында өндірістік үдерістер цифрлық платформалар арқылы басқарылады, спутниктік мониторинг жүргізіліп, бухгалтерлік есеп автоматтандырылған. Мемлекет басшысы шаруашылықтың ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесіне де атап өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары