АЗАМАТТАРДЫҢ БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

    1 / 3

    АЗАМАТТАРДЫҢ БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

    Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасында азаматтардың өтініштері мен тұрғын үй мәселелерін қарау мақсатында басқарма басшысының жеке қабылдауы өтті.

    Қабылдау барысында қала тұрғындары тұрғын үй кезегіне тұру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалға берілетін тұрғын үйлер, тұрғын үй сертификаттарын алу, сондай-ақ тұрғын үй заңнамасына қатысты өзекті мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.

    Басқарма басшысы әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсініктемелер берді. Сонымен қатар, тұрғындардың сауалдарына нақты жауаптар ұсынылып, шешу жолдары бойынша тиісті сала мамандарына тапсырмалар жүктелді.

    Азаматтардың өтініштері белгіленген тәртіппен қаралып, әрбір мәселе басқарманың құзыреті шегінде бақылауға алынды.

    Айта кетейік, азаматтарды жеке қабылдау – тұрғындармен тікелей байланыс орнатудың, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаудың және өзекті мәселелерді заң аясында шешудің маңызды тетігі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы" КММ" жаңалықтары