«ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ»: ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Бүгін Шымкент қаласында «Қызмет алушылар күні» аясында тұрғын үй мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға тұрғын үй кезегіне тіркелу тәртібі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй сертификаттарын алу, жалға берілетін тұрғын үй және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпарат берілді.
Сонымен қатар тұрғын үй саласына қатысты қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтар түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, қажетті құжаттар және өтініш беру жолдары жөнінде кеңестер ұсынылды.
Кездесу барысында азаматтардың сауалдарына жауап беріліп, көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берілді.
Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру және мемлекеттік органдар мен қызмет алушылар арасындағы кері байланысты нығайту.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









