САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН БЕРІЛЕТІН БАСПАНА: ШЫМКЕНТТЕ 70 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

    1 / 5

    САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН БЕРІЛЕТІН БАСПАНА: ШЫМКЕНТТЕ 70 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

    🔷 Шымкенттің тұрғын үй қоры мемлекеттік қолдауға мұқтаж азаматтарға арналған жаңа пәтерлермен толықты. «Qyzgaldaq saraiy» орталығында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 70 отбасыға пәтер кілттерін табыстады.

    🔷 Бұл үйлер Асар-2, Бозарық, Тұран шағынаудандары мен 189-орамда орналасқан.

    🔷 Айта кетейік, барлық пәтер кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілді. Бұл формат азаматтарға пәтерде тұрып, белгіленген шарттарға сәйкес оны кейіннен өз меншігіне сатып алуға мүмкіндік береді.

    🔷 Пәтерлер мүгедектігі бар азаматтарға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көп балалы және толық емес отбасыларға, жалғызбасты аналарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге үлестірілді.

    🔷 Айта кетейік, Шымкентте тұрғындардың баспаналы болу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында мемлекеттік қолдаудың түрлі тетіктері қолданылуда. Кейіннен сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы пәтерлер – осындай қолдау түрлерінің бірі. Бұл әдіс отбасыларға баспана жағдайын жақсартуға және болашақта жеке меншігіне алуға мүмкіндік береді.

    🔷 Шымкентте бұл бағыттағы жұмыс тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың қажеттіліктері мен мемлекет тарапынан көзделген қолдау тетіктерін ескере отырып жүргізілуде.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы" КММ" жаңалықтары