"Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы" КММ
"Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласының аумағында тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады
Міндеті: Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жасау.
Жаңалықтар
АшуТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
АшуСАТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН БАСПАНА КЕЗЕКТІ 25 ОТБАСЫҒА ТАБЫСТАЛДЫ
АшуШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ШАРТТАРМЕН БЕРІЛЕТІН БАСПАНА САНЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ
Ашу30 ОТБАСЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ
Ашу«КӨКЖАЙЛАУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
АшуШымкент қалалық Газ-техникалық қызметі КММ-де жұмыс отырысы өтті
Құжаттар
ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
Құрметті Шымкент тұрғындары! Тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау 2026 жылдың 10 қарашасынан басталады. Бұл – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында несиеге үй сатып алу кезінде ипотеканың бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны. Тұрғын үй сертификаты қарыз сомасының 10 %, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде қайтарымсыз негізде беріледі. Ол үшін өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасының әр мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын (2026 жылға – 50 851 теңге), соңғы 6 (алты) ай ішінде орташа табысы (157 638 теңге) болған жағдайда беріледі (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда). Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері; 2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; 3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; 4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар; 5) ерекше балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; 6) асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар); 7) "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар; 8) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 9) толық емес отбасылар; 10) Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының жұмыскерлері. Қажетті құжаттар тізімі:1) нысан бойынша өтініш;2) соңғы 6 ай ішіндегі еңбек және кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы жұмыс орнынан анықтама (халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда);3) ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның мөлшері мен сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге тұрғынжай сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы Банктің хаты.4) Соңғы 6 айдағы Зейнетақы аударымы туралы (өзі, жұбайы, кәмелетке толған отбасы мүшелері) анықтама (Каспи, Халық банктері); Өтініштер кezekte.kz. (amanat) интернет ресурсы арқылы қабылданады.Әр азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. Құжаттар әр аптаның дүйсенбі күндері қабылданады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН БАСПАНА КЕЗЕКТІ 25 ОТБАСЫҒА ТАБЫСТАЛДЫ
САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН БАСПАНА КЕЗЕКТІ 25 ОТБАСЫҒА ТАБЫСТАЛДЫ 🔷 Шымкент қаласында тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Тұрғын үй бағдарламасының кезекті сәтінде Асар-2 шағынауданынан 25 пәтер табысталды. 🔷 Салтанатты рәсім «QYZGALDAQ» сарайында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өтті. 🔷 Баспаналы болғандардың қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы және толық емес отбасылар, жалғызбасты аналар, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Бұл пәтерлер сатып алу құқығымен жалға беріліп отыр. 🔷 Айта кетейік, тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету жұмысы алдағы уақытта да жалғасады. Қала әкімдігі азаматтардың жеке баспаналы болу мүмкіндіктерін кеңейтуге және халықтың түрлі санаттарына қолжетімді жағдай жасауға ерекше көңіл бөлуде. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ШАРТТАРМЕН БЕРІЛЕТІН БАСПАНА САНЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ
ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ШАРТТАРМЕН БЕРІЛЕТІН БАСПАНА САНЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ 🔷 Шымкентте қала тұрғындарын жеңілдетілген шарттармен баспанамен қамту жұмысы жалғасуда. Жаңа үйлерден тағы 30 отбасы пәтер кілттерін алды. Кілттерді табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. 🔷 Пәтерлер Ақжайық, Бозарық және Асар-2 шағынаудандарында орналасқан. Бұл үйлер пайдалануға беріліп, қажет инженерлік желілерге қосылған және белгіленген құрылыс талаптарына сай келеді. 🔷 Баспана алу құқығына төлем қабілеттілігін растаған азаматтар ие болды. Олардың қатарында мүгедектігі бар адамдар, көп балалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. 🔷 Айта кетейік, жеңілдетілген шарттармен пәтер беру қала тұрғындарының баспаналы болуына қосымша мүмкіндік береді. Шымкент қаласының әкімдігі тұрғын үй қорын дамыту және баспананың қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырады.
30 ОТБАСЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ
30 ОТБАСЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ 🔷 Шымкентте баспана жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтарға сатып алу құқығымен жалға берілетін үйлерді ұсыну жұмысы жалғасуда. Кезекті іс-шара аясында 30 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. 🔷 Пәтерлер Асар-2 шағынауданындағы көп қабатты үйлерде орналасқан. Олар сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында ұсынылды. Баспаналы болғандардың қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасылар бар. 🔷 Айта кетейік, бұл үйлер қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес салынған және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылған. 🔷 Қала тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғаса береді. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жеке баспанаға қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
«КӨКЖАЙЛАУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
«КӨКЖАЙЛАУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ 🔷 Абай ауданындағы «Көкжайлау» тұрғын үй кешені тұрғындарының лифт жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуіне қатысты Басқарманың бастамасымен арнайы жиналыс өткізілді. 🔷 Жиынға құрылыс салушы ұйымның, басқарушы компанияның және лифтілерге қызмет көрсететін ұйымның мамандары, сондай-ақ тұрғын үй кешенінің 7 блогының үй белсенділері қатысты. 🔷 Жиналыс барысында тұрғындардың өтінішінде көтерілген мәселелер талқыланып, лифт жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуіне қатысты сұрақтар қаралды. Тиісті мамандардың қатысуымен мәселенің мән-жайы зерделеніп, оны шешу жолдары бойынша пікір алмасылды. 🔷 Басқарма тұрғындардың өтініштерін қарау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді тиісті ұйымдармен бірлесе шешу бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫНЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРДЫ
КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫНЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРДЫ 🔷 Шымкентте тағы 30 отбасы жаңа пәтерлі болды. Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. 🔷 Көп қабатты үйлер Бозарық, Ақжайық және Асар-2 шағынаудандарында орналасқан. Пәтерлерді «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларына қатысып, төлем қабілеттілігі мен бағдарлама талаптарына сәйкестігін растаған азаматтар сатып алды. 🔷 Жаңа баспана иелерінің қатарында көп балалы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, толық емес отбасылардың өкілдері және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. 🔷 Жеңілдетілген бағдарламалар қала тұрғындарына қолжетімді шарттармен үй сатып алуға мүмкіндік береді. Бірнеше жыл бойы баспана мәселесін шешуге ұмтылған отбасылар үшін жеке пәтерге ие болу – тұрғын үй жағдайын жақсартуға берілген мүмкіндік. 🔷 Айта кетейік, Бозарықтағы жаңа үйлер шағынауданда заманауи тұрғын үй құрылысын қалыптастыратын нысандардың қатарына жатады. Шағынауданның дамуымен бірге мұнда тұрғындардың күнделікті өміріне қажет жағдайлар жасалуда. 🔷 Шымкентте қолжетімді баспанаға сұраныс сақталуда. Осыған байланысты қала әкімдігі баспана құрылысының көлемін арттырып, жеңілдетілген бағдарламалар арқылы пәтер сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі