ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

    "Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы" КММ

    ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ



    Құрметті Шымкент тұрғындары!

    Тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау 2026 жылдың 10 қарашасынан басталады. Бұл – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында несиеге үй сатып алу кезінде ипотеканың бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны.

    Тұрғын үй сертификаты қарыз сомасының 10 %, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде қайтарымсыз негізде беріледі.

    Ол үшін өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасының әр мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын (2026 жылға – 50 851 теңге), соңғы 6 (алты) ай ішінде орташа табысы (157 638 теңге) болған жағдайда беріледі (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда).

    Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:

    1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
    2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
    3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
    4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
    5) ерекше балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
    6) асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар);
    7) "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
    8) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
    9) толық емес отбасылар;
    10) Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының жұмыскерлері.

    Қажетті құжаттар тізімі:
    1) нысан бойынша өтініш;
    2) соңғы 6 ай ішіндегі еңбек және кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы жұмыс орнынан анықтама (халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда);
    3) ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның мөлшері мен сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге тұрғынжай сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы Банктің хаты.
    4) Соңғы 6 айдағы Зейнетақы аударымы туралы (өзі, жұбайы, кәмелетке толған отбасы мүшелері) анықтама (Каспи, Халық банктері);

    Өтініштер кezekte.kz. (amanat) интернет ресурсы арқылы қабылданады.
    Әр азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.

    Құжаттар әр аптаның дүйсенбі күндері қабылданады.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН БАСПАНА КЕЗЕКТІ 25 ОТБАСЫҒА ТАБЫСТАЛДЫ

    САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН БАСПАНА КЕЗЕКТІ 25 ОТБАСЫҒА ТАБЫСТАЛДЫ 🔷 Шымкент қаласында тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Тұрғын үй бағдарламасының кезекті сәтінде...

    Ақпарат

    ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ШАРТТАРМЕН БЕРІЛЕТІН БАСПАНА САНЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

    ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ШАРТТАРМЕН БЕРІЛЕТІН БАСПАНА САНЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ 🔷 Шымкентте қала тұрғындарын жеңілдетілген шарттармен баспанамен қамту жұмысы жалғасуда. Жаңа үйлерден тағы 30 отбасы пәтер кілттерін алды. Кілтте...

    Ақпарат

    30 ОТБАСЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ

    30 ОТБАСЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ 🔷 Шымкентте баспана жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтарға сатып алу құқығымен жалға берілетін үйлерді ұсыну жұмысы жалғасуда. Кезекті іс-шара аясын...

    Ақпарат

    «КӨКЖАЙЛАУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ

    «КӨКЖАЙЛАУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ 🔷 Абай ауданындағы «Көкжайлау» тұрғын үй кешені тұрғындарының лифт жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуіне қатысты Басқарманың бастамасымен арнайы жиналыс өткізілді....

    Ақпарат

    КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫНЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРДЫ

    КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫНЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРДЫ 🔷 Шымкентте тағы 30 отбасы жаңа пәтерлі болды. Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. 🔷 Көп қабатты үйлер Бозарық, Ақжайық және Асар-2 ша...

    Ақпарат

    Шымкент қалалық Газ-техникалық қызметі КММ-де жұмыс отырысы өтті

    Шымкент қалалық Газ-техникалық қызметі КММ-де жұмыс отырысы өтті 🔷 Шымкент қаласының Тұрғын үй басқарма басшысының м.а Көпжан Кенжеханұлы және Шымкент қалалық Газ-техникалық қызметі КММ-нің басшысымен,мекеме қызметкерле...

    Ақпарат

    ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК ҮЙЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

    ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК ҮЙЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ Шымкентте тағы 30 отбасы жаңа пәтерлердің иесі атанды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Айта кетейік, жалға берілетін үйлер Қай...

    Ақпарат

    Сенбілік – тазалық пен жауапкершіліктің көрінісі

    Сенбілік – тазалық пен жауапкершіліктің көрінісі Бүгін мекеме ұжымы аумақты абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында сенбілік жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында мекеме аумағы тазаланып, қоқыста...