ТЖМ әскери бөлімінде қызмет өткеру үшін 30 шақырылушы іріктеліп, салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.
2026 жылғы күзгі шақыру науқаны аясында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты М. Мамраев атындағы №52859 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызмет өткеру үшін 30 шақырылушыны іріктеді. Жас сарбаздар қатарында бес ұлттың өкілі бар. Олардың арасында техникалық, медициналық, заңгерлік және IT бағыттары бойынша білімі бар, сондай-ақ сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын меңгерген жастар бар. Салтанатты іс-шараға Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, ардагерлер мен шақырылушылардың туыстары қатысты. Алдағы уақытта жас сарбаздар әскери дайындықтан өтіп, әскери мамандықтарды меңгереді және азаматтық қорғау органдары жүйесіндегі қызметтің ерекшеліктерімен танысады.
Жас сарбаздарға сәтті қызмет, мықты денсаулық, табандылық және Отан алдындағы әскери борышын абыроймен атқаруды тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









