Шығысқазақстандықтар ауданның бай тарихымен, ұлттық өнерімен және шығармашылық әлеуетімен танысты. Күршімдік қолөнер шеберлері мен өнерпаздар туған өлкенің мәдени болмысын облыс орталығының төрінде паш етті.
Көрме келушілерге ерекше әсер сыйлады. Мұнда қолөнер шеберлерінің жасаған түрлі бұйымдары, ұлттық нақыштағы туындылары мен шығармашылық жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды. Әрбір бұйымнан шебердің еңбегі ғана емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дәстүр мен туған жерге деген құрмет те аңғарылды.
Кештің шырайын мерекелік концерт аша түсті. Сахна төріне көтерілген аудан өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Олардың өнеріне эстрада жұлдызы Анара Батырхан да үн қосып, кештің мазмұнын байыта түсті. Әуезді әндер мен әсерлі өнер көрсетілімдері көптің ыстық ықыласына бөленді.
Күршім ауданының мәдени күндері 21 қарашада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен жалғасады. Онда ауданның тауар өндірушілері мен кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынып, қала тұрғындарына табиғи әрі сапалы азық-түлік сатып алуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.










