Өскеменде Күршім ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

    Күршім ауданының мәдени күндері аясында облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

    21 қараша күні сағат 08:00-де «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының аумағында басталатын жәрмеңкеде ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен кәсіпкерлері тұрғындарға ет, балық, бал, сүт өнімдері, шұжық түрлері мен көкөністер ұсынады.

    Жәрмеңкеге 2 тонна 800 келі сиыр еті, 3 тонна 500 келі жылқы еті, 1 тонна 200 келі қой еті, 700 келі балық және балық өнімдері, 1 тонна бал жеткізіледі.

    Бұдан бөлек, сауда сөрелеріне 200 келі ұлттық тағам өнімдері қойылады. Олардың қатарында сары май, құрт пен ірімшік бар. Ал ысталған ақтабан, тұқы, көксерке және шортан балықтарының бағасы 1000 теңгеден басталады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары