1 / 10
Бүгін Ұлан ауданының Таврия ауылында «ALTAY QUS» құс фабрикасы құрылысының басталуына арналған капсула салу рәсімі өтті.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов, «Сей-Нар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшысы Ербол Алимканович Абдыкалыков және сала өкілдері қатысты.
Жобаның инвестициялық құны – 5,5 млрд теңге. Мұнда бес құс қоражайы салынып, жылына 150 млн дана жұмыртқа және 400 тонна құс етін өндіру жоспарланған. Кәсіпорын толық іске қосылғанда 150 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Жобаның жүзеге асуы облыстың жұмыртқамен қамтамасыз етілу деңгейін 30 пайыздан 109 пайызға дейін арттырып, өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға шығаруға мүмкіндік береді.
Бұл бастама өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, ауыл шаруашылығы мен өңір экономикасының дамуына серпін береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








