2026 жылғы 23 қарашада Келес ауданы, Жамбыл ауылдық округіне қарасты Ащыкөл елді мекеніндегі №62 Н. Шойбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектепте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге мектеп ұжымы және шақырылған қонақтар қатысты. Жиын барысында мектеп директоры Алтеев Дінмұхамед Дүйсеханұлы Президент Жолдауының негізгі бағыттары бойынша баяндама жасап, онда белгіленген міндеттер мен ел дамуының басымдықтарына тоқталды.
Талқылау барысында әлеуметтік-экономикалық даму, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу бағыттары кеңінен сөз болды.
Сонымен қатар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының маңызына ерекше назар аударылды. Қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Дөңгелек үстел ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген міндеттерді жүзеге асыруда әр азаматтың белсенділігі мен ортақ жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








