Астанада дауылды ескерту жарияланды

    Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, 27 қарашада елордада жауын-шашын (негізінен қар), жаяу бұрқасын және көктайғақ күтілетінін хабарлайды.
    Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді.
    Осыған байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға, ауа райының қолайсыздығы кезінде алыс жолға шықпауға шақырады.
    Сонымен қатар 112 қызметінен келіп түсетін ескертулер мен хабарламаларды назарға алып, ондағы нұсқауларды орындауды сұрайды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары