1 / 5
«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ОНКҮНДІГІ» республикалық профилактикалық онкүндігі аясында төртінші күн «Қауіпсіз балалық шақ» ұранымен өтті.
Осы күні елордалық құтқарушылар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына барып, бүлдіршіндерге арналған танымдық ойындар, интерактивті сабақтар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастырды. Мамандар балаларға түсінікті әрі қызықты форматта өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін түсіндіріп, төтенше жағдай туындаған кезде қалай әрекет ету керектігін айтып, күнделікті өмірде сақтық танытудың маңыздылығын еске салды.
Практикалық оқытуға ерекше назар аударылды. Ойын түрінде өткізілген сабақтар арқылы балалар алған білімдерін бекітіп, қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі қағидаларын меңгерді. Кездесу соңында кішкентай қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Іс-шаралардың басты мақсаты – балалардың бойында ерте жастан қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекет ету.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









