Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімдерінің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру шаралары аясында Астана қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау басқармасының қолдауымен ағаш көшеттері отырғызылды.
Ағаш көшеттері келесі өрт сөндіру бөлімдерінің аумақтарына отырғызылды:
№25 өрт сөндіру бөліміне – 100 түп пирамидалы терек;
№8 өрт сөндіру бөліміне – 120 түп қарағаш, 80 түп үйеңкі және 19 түп қарағай;
№16 өрт сөндіру бөліміне – 20 түп үйеңкі, 20 түп терек, 20 түп шаған және 10 түп қарағай.
Барлығы 389 түп ағаш көшеті отырғызылды.
Аталған іс-шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға, өрт сөндіру бөлімдерінің аумақтарын абаттандыруға және жеке құрам үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









