Астананың 100 балабақшасында 200 кітап оқу клубы ашылады

    1 / 2

    Астананың 100 балабақшасында 1 желтоқсаннан бастап 200 кітап оқу клубы жұмысын бастайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Әр балабақшада екі бағыт бойынша клуб жұмыс істейтін болады: «Кітап оқитын педагог» және «Кітап оқитын отбасы». Клубтарда педагогтер мен ата-аналар бірлесіп кітап оқып, балаларға үлгі көрсетеді.

    Осылайша, балалар кітап оқу мәдениеті қалыптасқан ортада тәрбиеленіп, кітапқа деген қызығушылығы артады.
    Бастама мектепке дейінгі жастағы балалардың кітапқа тұрақты қызығушылығын арттыруға, оқу мәдениетін қалыптастыруға және балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

    Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі бастамаларын іске асыру және зерделі ұлт қалыптастыру мақсатында 2026 жылы еліміздің барлық өңірінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы жалғасуда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары