Елорданың Байқоңыр ауданында реновация бағдарламасы аясында салынған кезекті тұрғын үй кешенінің кілттері жаңа пәтер иелеріне салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл жолы Тараз көшесі, 8 мекенжайында орналасқан «Дәрмен-2» тұрғын үй кешенінің тұрғындары баспаналы болды. Тұрғын үй кешені жеке инвестиция есебінен салынды.
Жаңа баспана тұрғындардың тұрмысын жақсартуға, ескі тұрғын үй қорын жаңартуға және ауданның сәулеттік келбетін жаңғыртуға бағытталған реновация бағдарламасының кезекті нәтижесі болып саналады.
Айта кетейік, биыл шілде айында Байқоңыр ауданында осы бағдарлама аясында алғашқы «Дәрмен-1» тұрғын үй кешенінің кілттері табысталған болатын. Бұл жолы аталған жобаның жалғасы ретінде «Дәрмен-2» тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, кезекті тұрғындар жаңа баспанаға ие болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды. Осы бастама аясында ел көлемінде тұрғын үй құрылысын дамыту, ескі тұрғын үй қорын жаңарту және инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыс кезең-кезеңімен жалғасын табады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









