«Тырысқақтың қауіптілігі және оның алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізілді

    2026 жылғы қараша айының үшінші онкүндігінде Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) 2026 жылға арналған негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес, Басқарма мамандары «Life» МО» ЖШС медициналық пунктінің медицина қызметкерлеріне «Тырысқақ немен қауіпті?» тақырыбында семинар өткізді.
    Семинар барысында әлемдегі және Қазақстандағы аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық ахуал, тырысқақтың клиникалық ерекшеліктері мен алғашқы белгілері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ обаға қарсы костюмді кию және шешу алгоритмдері түсіндіріліп, тырысқаққа күдікті науқас анықталған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Сонымен қатар қызылша мен адам папилломавирусы (АПВ) инфекциясының алдын алу шаралары түсіндірілді. Өткен материалды бекіту мақсатында қатысушылар арасында ауызша тестілеу жүргізіліп, аса қауіпті инфекциялар бойынша ақпараттық-түсіндіру материалдары таратылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары