Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді

    2026 жылғы 17 қарашада Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласы бойынша санитариялық-карантиндік бақылау бөлімі санитариялық-карантиндік бақылау мамандарына арналған семинар ұйымдастырды.
    Семинар барысында аса қауіпті инфекцияларға күдік туындаған жағдайда мамандардың әрекет ету алгоритмдері, уәкілетті органдарға шұғыл хабарлау тәртібі, науқастарды оқшаулау және олармен байланыста болған адамдарды анықтау мәселелері түсіндірілді.
    Семинар мамандардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялардың ел аумағына әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында өткізілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары