1 / 2
Аязды күндері автокөліктерде өрт шығу қаупі артады. Электр сымдарының ақауы, жанармайдың ағуы және көлікті дұрыс жылытпау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Өрттің алдын алу үшін:
🔹Көліктің техникалық жағдайын үнемі тексеріңіз.
🔹Қозғалтқышты ашық отпен жылытпаңыз.
🔹Электр жүйесіне артық салмақ түсірмеңіз.
🔹Газ жабдықтарының жарамдылығын қадағалаңыз.
🔹Көлікте өрт сөндіргіш болуын қамтамасыз етіңіз.
Өрт немесе түтін байқалған жағдайда көлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіріңіз, жолаушыларды қауіпсіз жерге шығарып, 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
Есіңізде болсын: өрттің алдын алу – өз қолыңызда!
Бесқарағай ауданының ТЖБ
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







