Е-апостиль

    2026 жылы 12 қарашада Абай облысының Әділет департаментінің жұмыс жоспарын орындау мақсатында, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Сауле Галиева және Данна Муратова, «Азаматтарға арналған үкімет» «мемлекеттік корпорациясы» «КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының № 2 Халыққа қызмет көрсету бөлімінің ғимаратында Әділет органдарынан, азаматтық хал актілерінен және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету және алу тәртібі, сондай-ақ электрондық үкімет портал арқылы Е-апостиль электрондық мемлекеттік қызметін алу тақырыбында № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне семинар өткізілді.
    Әділет департаментінің мамандары ресми құжаттарға апостиль қою қабылдау тәртібі мен мерзімдері түсіндірілді. Семинар барысында Е-апостиль мемлекеттік электрондық қызметін таңымал ету ұсынылды.
    Сонымен қатар, нотариаттық құжаттарға апостиль қоюға өтінішті қабылдау және рәсімдеу тәртібі түсіндірілді.
    Сондай-ақ, қызметкерлерге жұмыс барысында пайдалану мақсатында электрондық апостиль қолданылатын аумағында елдердің тізімімен қайта таңыстырылды.
    Семинардың мақсаты: Е-апостиль электрондық мемлекеттік қызметін насихаттау, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мен тәртібін сақтау.
    Семинар қорытындысы бойынша үнемі түсіндірме сипаттағы бірлескен іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары