2026 жылғы 11 қарашада Абай облысының Әділет департаменті базасында Алматы қаласының Ұлттық зияткерлік меншік институтының (Qazpatent) филиалымен бірлесіп, Zoom платформасы арқылы онлайн-семинар өткізілді.
Іс-шараға аумақтық әділет органдарының, телерадиокомпаниялардың өкілдері, авторлар, құқық иеленушілер, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының өкілдері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы QazCopyright бірыңғай цифрлық платформасының жұмыс істеу тәртібін, оны пайдалану мүмкіндіктерін, сондай-ақ авторлар мен құқық иеленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерін түсіндіру болды.
Іс-шара барысында QazCopyright платформасында тіркелу және авторизациядан өту тәртібі көрсетіліп, оның негізгі функционалдық мүмкіндіктері таныстырылды.
Авторлар мен құқық иеленушілердің заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, авторлық құқықтарды басқару процестерін цифрландыруға, сондай-ақ QazCopyright платформасы арқылы авторлар, құқық иеленушілер және құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыруға ерекше назар аударылды.
Семинар аясында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті түсіндірмелер алуға мүмкіндік алды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









