«ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

    1 / 5

    2026 жылғы 13 қарашада «№ 3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» орталығында «Заң мен тәртіп» қағидаларын ілгерілету аясында «Әділет кеңес береді» акциясы ұйымдастырылды.

    Іс-шараға Абай облысы Әділет департаментінің бөлім басшылары, мамандары мен нотариус қатысты.

    Акцияның негізгі мақсаты – азаматтарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық сауаттылығын арттыру және заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

    Кездесу барысында мамандар азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берді.

    Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заң талаптарын түсіндіруге және құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары