2026 жылғы 11 қарашада «№ 3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» орталығында «Заң мен тәртіп» қағидаларын ілгерілету аясында «Әділет кеңес береді» акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Абай облысы Әділет департаментінің басшысы Медет Едрисов, жеке сот орындаушы және нотариус қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты – азаматтарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық сауаттылығын арттыру және заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесу барысында мамандар азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берді.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заң талаптарын түсіндіруге және құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









