ТЖМ өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды ескертеді

    Тұрмыста өрттің алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

    - Қосулы электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз.

    - Электр плитасы мен басқа да тұрмыстық құрылғылардың жарамдылығын қадағалаңыз.

    -Ақауы бар розеткалар мен электр сымдарын пайдаланбаңыз.

    -Бір уақытта бірнеше қуатты құрылғыны қосып, электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсірмеңіз.

    -Күйік иісі, ұшқын немесе түтін байқалған жағдайда, қауіпсіз болса, электр қуатын дереу өшіріңіз.

    -Өрт шыққан кезде ғимараттан дереу шығып, 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

    Есте сақтаңыз:өрт кезінде жалынды өз бетіңізше сөндіруге тырысып, өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Ең алдымен өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз.

    Бесқарағай ауданының ТЖБ

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары