⚠️ ТЖМ ескертеді:
▪️ Пештердің, түтін мұржаларының және газ жабдықтарының жарамдылығын үнемі тексеріңіз.
⏺Жұмыс істеп тұрған жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз.
⏺Үй-жайды жылыту үшін газ плитасын пайдаланбаңыз.
⏺Электр сымдарының жай-күйін қадағалап, розеткаларға шамадан тыс жүктеме түсірмеңіз.
⏺Түтін мен көміртек тотығын анықтайтын датчиктер орнатыңыз.
⏺Газ иісі сезілген жағдайда жарық пен электр құрылғыларын қоспаңыз. Газ беруді тоқтатып, терезелерді ашып, үй-жайдан дереу шығыңыз. Авариялық қызметті қауіпсіз жерден шақырыңыз.
Бүгін үйіңіздің қауіпсіздігін тексеріңіз - отбасыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін!
Бесқарағай ауданының ТЖБ
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








