Бесқарағай аудандық орталық кітапханасында оңалту орталығының тәрбиеленушілеріне арналған «Ертегілер әлеміне саяхат» атты танымдық-ойын-сауық шарасы ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – қатысушылардың ертегілер әлеміне деген қызығушылығын арттыру, қиялы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, танымдық белсенділігін қалыптастыру және көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
Шара барысында қатысушыларға «Шалқан» мультфильмі көрсетіліп, ертегі әлеміне қызықты саяхат жасалды.
Танымдық бөлімде қатысушылар түрлі-түсті боямақтарды бояп, «Ойлан, тап!» және «Ертегі кейіпкерлерін тап» атты қызықты ойындарға белсене қатысты. Ойын тапсырмалары олардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, зейіні мен есте сақтау дағдыларын дамытуға бағытталды. Сонымен қатар көңілді әуенмен ұйымдастырылған би сергіту сәтінде қатысушылар бірге билеп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
Шара соңында қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталып, қуаныштарына қуаныш қосылды.
Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға ұмытылмас әсер мен шаттыққа толы сәттер сыйлады. Осындай мазмұнды шаралар шығармашылық әлеуетті дамытуға, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға және кітапханаға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








