Кеңес отырысына қатысу туралы

    12.11.2026ж. ҚР ДСМ СЭБК ШҚО СЭБ Департаменті мен ҚР ДСМ Медициналық бақылау комитетінің ШҚО бойынша Департаменті «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
    Кеңеске Департамент басшысының м.а. С.Слямғазина, аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы Б. Ашимханова, инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы А.Калыкова, ҚР ДСМ медициналық бақылау комитетінің ШҚО бойынша Департамент басшысы А.Кусатаева және сертификаттау бөлімінің басшысы А.Мухтарханова және бөлім мамандары қатысты.
    Кеңес барысында «Зертханалық диагностика,Зертханалық диагностика (зертханашы, дәрігер-зертханашының көмекшісі, фельдшер-зертханашы)» мамандықтарын сертификаттау және біліктілік деңгейін беру бойынша туындаған сұрақтар талқыланды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары