Облыстық семинар

    Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ШҚО Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, құтырма ауруының диагностикасын, емін және профилактикасын ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша облыстық семинар өткізді.
    Семинарға құтырма ауруын диагностикалау, емдеу және оның алдын алу жұмыстарына тартылған медициналық ұйымдардың мамандары, оның ішінде бейінді мамандар: травматологтар, хирургтер, жедел медициналық жәрдем қызметінің медицина қызметкерлері, алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) көрсететін ұйымдардың медицина қызметкерлері, инфекционист дәрігерлер, иммунологтар, эпидемиологтар, сондай-ақ патологоанатомиялық бюролар мен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары қатысты.
    Семинардың кіріспе сөзімен Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары С.Слямгазина сөз сөйледі.
    «2026 жылдың 9 айындағы Қазақстан Республикасы мен Шығыс Қазақстан облысындағы құтыру бойынша эпидемиологиялық жағдай. Риддер қаласында құтыру жағдайын тергеп-тексеру нәтижелері» тақырыбында ШҚО СЭБД аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы Б. Ашимханова баяндама жасады.

    Өскемен қаласының № 4 қалалық ауруханасы ШЖҚ КМК госпитальдық дәрігер-эпидемиологы И. Курникова құтырма ауруына қарсы жоспарлы және шұғыл иммунопрофилактика туралы ақпарат ұсынды.

    Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының инфекциялық бөлімшесінің дәрігер-инфекционисі Б. Қуанышбекқызы құтырма ауруының клиникалық көріністері, диагностикалау әдістері, дифференциалды диагностикасы, профилактикасы және емі туралы баяндады.

    Семинар соңында өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары