Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі – Департамент) (5 маманы), аумақтық басқарманың (3 маманы) және Ұлттық сараптама орталығы филиалының (2 маманы) 2026 жылғы 2-6 қараша аралығында Семей қаласында «Атмосфералық ауаның ластануы және халықтың денсаулығы» тақырыбындағы біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша гибридті форматта (онлайн және офлайн) оқудан өтті.
Аталған тақырып қазіргі заманғы экологиялық сын-қатерлер және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету қажеттілігі тұрғысынан Шығыс Қазақстан облысы үшін аса өзекті болып табылады.
Біліктілікті арттыру бағдарламасы теориялық негіздер мен практикалық дағдыларды меңгеру арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, жүйелі әрі мазмұнды түрде құрылған.
Оқу курсы мәселенің барлық негізгі аспектілерін қамтыды:
1) Атмосфералық ауаны ластау көздерін талдаудан және халықаралық тәжірибені зерделеуден басталды (1-күн);
2) Экологиялық мониторинг (РМК «Казгидромет») және өнеркәсіптік өңірлердің (Өскемен, Қарағанды қалалары) санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі деректері негізінде ластану деңгейін бағалау мәселелері терең қарастырылды (2-күн);
3) Балалар арасында (0–14 жас және 15–17 жас) аурушаңдықты бағалауға және қоршаған орта факторларымен байланысты ауруларды анықтауға арналған бөлім ерекше назар аударуға тұрарлық (3-күн);
4) Себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, жиынтық тәуекелді бағалау және математикалық талдау әдістері бойынша практикалық сабақтар алынған білімді бекітуге мүмкіндік берді (4-күн);
5) Қорытынды күн ауа сынамаларын зерттеу нәтижелерін ұсыну қағидаларына және халық денсаулығының жай-күйі мен ауаның ластану деңгейі арасындағы тәуелділіктерді анықтауға арналды (5-күн).
Практикалық жаттығулар мен нақты жағдайларды талдау оқу үдерісін барынша пайдалы әрі нәтижелі етті.
Алынған білім мен дағдылар атмосфералық ауаны санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және халықтың денсаулығын қорғау бөлігінде лауазымдық міндеттерімізді сапалы орындауға мүмкіндік береді.
Аталған семинар біздің қызмет мамандары үшін үлкен практикалық маңызға ие, өйткені:
1) Бағдарлама атмосфералық ауаның ластануының халық денсаулығына төндіретін тәуекелін (тұрғын аймақтарда да, үй-жайлардың ішінде де) бағалауға арналған нақты құралдарды ұсынады.
Бұл бақылау-қадағалау іс-шараларын неғұрлым тиімді жоспарлауға, халықтың осал топтарына (балаларға) және басым ластаушы заттарға назар аударуға мүмкіндік береді;
2) Казгидромет деректерін (Өскемен қаласы бойынша) санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтің жеке деректер базасымен ұштастыра пайдалану өңірдегі жағдайға неғұрлым дәл баға беруге мүмкіндік береді;
3) Курс барысында зерделенген математикалық талдау және жиынтық тәуекелді бағалау әдістері сараптамалық қорытындыларды дайындау, санитариялық-қорғау аймақтарын негіздеу және халықтың ауа сапасына қатысты шағымдарын қарау кезінде аса маңызды;
4) Курс барысында қарастырылған ауруларды анықтау және бағалау критерийлері мамандарға бастапқы аурушаңдықты неғұрлым дәл талдауға және қоршаған орта факторларының әсерін анықтауға көмектеседі.
Материалдарды сапалы дайындағаны үшін модераторларға – (медицина ғылымдарының кандидаты, Х. Жұматов атындағы «Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы филиалының профилактикалық медицина, гигиена және экология зертханасының меңгерушісі Асхат Тұрсынханұлы Досмұхаметовке және Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы Санитариялық-гигиеналық мониторинг басқармасының санитариялық дәрігері Қарлығаш Хужаназарқызы Әбдіжаббароваға, сондай-ақ ұйымдастырушыларға – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК мен Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ): «Балалардың денсаулығы үшін салауатты қоршаған орта» жобасына) шынайы алғысымызды білдіреміз.

Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.