Көкшетау, 2026 жылғы 10 қарашаКөкшетау қаласында Цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласы қызметкерлерінің күніне арналған ауқымды салтанатты іс-шара өтті. 200-ге жуық қатысушы бас қосқан мерекелік жиын өңірдің жетекші IT-мамандарын, әзірлеушілерді, байланыс саласының өкілдері мен сарапшыларын біріктірді. Олардың күнделікті еңбегі цифрлық экожүйені дамытуға және инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған.
Іс-шара бағдарламасы екі негізгі бөлімнен тұрды: «Smart City Acceleration Demo Day» инновациялық жобалар питчингі және салада үздік нәтиже көрсеткен мамандарды салтанатты марапаттау рәсімі. Smart City Acceleration Demo Day және стартаптар аллеясы
Іс-шараның іскерлік бөлімі қалалық инфрақұрылымды цифрландыру, ауыл шаруашылығы, экология және қауіпсіздік салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған стартап-жобалардың таныстырылымымен басталды. Сессияны RS Bootcamp венчурлік студиясының тең құрылтайшысы әрі басқарушы серіктесі Андрей Крюков жүргізді. Ұйымдастырылған стартаптар аллеясында болашағы зор 10 жоба таныстырылды. Олардың қатарында:
Seer Labs / SpaceLabсу тасқынының алдын алу және инфрақұрылым нысандарындағы апаттық жағдайлардың санын азайтуға арналған жүйелер.
Raccoon AI (Sentinel) / ПАК СОРСқалдықтарды басқару жүйесін цифрландыруға арналған экожүйелер мен кешендер.
Kepler Visionқоғамдық қауіпсіздікті бақылауға арналған жасанды интеллект негізіндегі отандық бейнеаналитика платформасы.
SmarTerra / AgroInn / Satorауыл шаруашылығы мен жер мониторингіне арналған болжамдық жасанды интеллект платформалары.
QALQAN GREEN жасыл желектердің цифрлық тізілімі.
Veya / HemoScanдиагностикаға арналған инновациялық медициналық шешімдер.
SLUHкөру қабілеті бұзылған адамдарға арналған интеллектуалды навигациялық жүйе.
HelioDigital / Цифрлық картақалалық жүйелерді интеграциялауға және аумақтардың дамуын басқаруға арналған платформалар.
RUQSATтау-кен өндіру кәсіпорындарындағы наряд-рұқсат құжаттарын тексеру жүйесі.
Акселиратор қорытындысы бойынша үздік стартап-командалар Kepler Vision ,Sentinel ,AgroInn ,SpaceLab, Цифровая карта өз жобаларын Ақмола облысының аумағында пилоттық режимде енгізу мүмкіндігіне ие болды.
Сала мамандарын салтанатты марапаттау
Іс-шараның басты бөліктерінің бірісала мамандарын құрметтеу рәсімі болды. Өңір мен елді цифрландыруға қосқан үлесі үшін мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың, сондай-ақ ірі телекоммуникациялық операторлардың («Қазақтелеком» АҚ, «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Кар-Тел» ЖШС) және «Astana Hub» өңірлік хабының 34 қызметкері марапатталды.
Мамандарға бірқатар жоғары награда табысталды:
4 маман Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Ж. Х. Мәдиeвтің атынан марапаттарға ие болды.
3 маман Ақмола облысының әкімі М. М. Ахметжановтың атынан марапатталды.
14 маман Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Б. А. Мұхамбетқалиевтің атынан алғыс хаттармен марапатталды.
13 маман Ақмола облысының Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы М. Қ. Ержанның атынан грамоталар алды.
«Бүгінгі мереке - болашақтың кодын жазып, деректерді нақты шешімдерге, ал технологияларды адамдардың өмірін жеңілдететін мүмкіндіктерге айналдырып жүрген жандарға көрсетілген құрмет. Цифрландыру еліміздің тұрақты дамуының маңызды факторына айналып келеді», -деп атап өтті Ержан Сүлейменұлы Жұмабеков.
Іс-шара Ақмола облысының Мәдениет басқармасы әзірлеген концерттік бағдарламамен жалғасты. Кеш қонақтарына Инaра Мұқушеваның орындауында «Арман-ай» халық әні, Аманғали Жұматаевтың орындауында «Ұлы дала» композициясы ұсынылды. Сонымен қатар ұлттық билерден шашу шашылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









