Ақмола облысында Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошановқа өңірдің цифрлық қауіпсіздік жүйесі таныстырылды
Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация Digital Aqmola орталығына барды. Делегация құрамында Халық Кеңесінің мүшелері де болды.
Сапар барысында қонақтарға өңірде жүзеге асырылып жатқан цифрлық жобалар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған заманауи технологиялар және Digital Aqmola жүйесінің мүмкіндіктері таныстырылды.
Digital Aqmola – қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жедел әрекет ету тиімділігін күшейтуге бағытталған цифрлық жүйе. Жоба аясында бейнебақылау камералары мен зияткерлік талдау технологиялары қолданылып, өңірдегі қоғамдық тәртіпті бақылау жұмыстары жаңа деңгейге көтерілді.
Жүйені енгізу нәтижесінде Ақмола облысында қылмыс деңгейі екі есеге жуық төмендеді. Бұл цифрлық шешімдердің өңір қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі нақты нәтижесін көрсетеді
Кездесу барысында цифрлық технологияларды одан әрі дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану және қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар да таныстырылды.
Digital Aqmola – Ақмола облысында цифрлық трансформацияны дамытудың және тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырудың маңызды жобаларының бірі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









