«Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік – қоғамдық қауіпсіздіктің негізі»

    1 / 2

    Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

    Іс-шара барысында көшелерде, саябақтарда және халық көп шоғырланатын өзге де қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылуда. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және олардың жолын кесу бағытында күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

    Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстарды полиция майоры Нұржан Елжанов жүргізуде. Рейд барысында ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтыну және тыныштықты бұзу деректерін анықтауға басымдық берілуде.

    Сонымен қатар полиция майоры тұрғындар арасында заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

    Полиция қызметкерлері тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және заң талаптарын орындауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары