Жаңаөзен қаласында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Бізден сұраңыз. Біз қасыңыздамыз» атты ақпараттық акция өтуде.
Аталған акция Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің Threads әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында 5–6 қараша күндері ұйымдастырылуда.
Шара аясында тұрғындарға отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға, ұсыныс-пікірлерін білдіруге және қажетті ақпарат алуға мүмкіндік берілген. Бұл – азаматтар мен полиция қызметкерлері арасындағы ашық диалог орнатуға бағытталған маңызды бастама.
Егер азамат отбасындағы зорлық-зомбылыққа тап болса немесе осындай жағдайдың куәсі болса, Threads әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаға жүгініп, өз өтінішін қалдыра алады. Барлық өтініштер назарға алынып, қажеттілік туындаған жағдайда көрсетілген мекенжай бойынша тиісті көмек көрсетіледі.
Айта кетейік, мұндай ақпараттық шаралар отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, құқық бұзушылықтар туралы дер кезінде хабарлауға және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









