2026 жылғы 2 қазанда Мұнайлы ауданының Қызылтөбе-2 және Батыр елді мекендері арасындағы орталық автожолда орын алған жол-көлік оқиғасы жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы бір еске салады.
Осыған байланысты Мұнайлы ауданы Полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жүргізушілерді жолда барынша мұқият болуға, белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, басып озу кезінде қауіпсіздікке көз жеткізуге және қарсы бағыттағы көлік құралдарының қозғалысына қауіп төндірмеуге шақырады.
Жолдағы бір сәттік асығыстық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Сондықтан рөлге отырған әрбір азамат өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Жол ережесін сақтаңыз! Асығыстық адам өміріне қауіп төндіреді!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









