Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің Батыр ауылы бойынша учаскелік полиция инспекторлары ауыл тұрғындары мен мал шаруашылығы иелері арасында профилактикалық іс-шаралар өткізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мал ұрлығының алдын алу және тасжолдарда үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларына жол бермеу.
Рейд барысында полиция қызметкерлері мал иелеріне төрт түлікті бақташысыз және қараусыз жайылымға жібермеу қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар қараңғы уақытта жол бойына шығып кеткен малды жүргізушілердің дер кезінде байқауы үшін жануарлардың мойнына жарық шағылыстырғыш ленталар тағылды.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды мал-мүлкіне жауапкершілікпен қарауға, төрт түліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









