Маңғыстау полициясында қызметкерлерге жаңа арнаулы атақтар табысталды

    1 / 6

    Маңғыстау облысы Полиция департаментінде өткен саптық жиында бірқатар полиция қызметкеріне кезекті және алғашқы арнаулы атақтар салтанатты түрде табысталып, республикалық чемпионатта жеңімпаз атанған қызметкер марапатталды.

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, басшы құрамның үш қызметкеріне полиция майоры арнаулы атағы берілді. Атап айтқанда, Азамат Абайұлы Аймуханов, Қуанышбек Өтегенұлы Нысанов және Сәкен Алпысбайұлы Сүлейменов жаңа атаққа ие болды.

    Сонымен қатар, Департамент бастығының бұйрығымен орта және кіші басшы құрам қызметкерлерінің арнаулы атақтары жоғарылатылды. Мадияр Талғатұлы Сартбекке полиция аға лейтенанты, Мийрбек Маратұлы Кожабаевқа полиция лейтенанты, Мейрамбек Мақсатұлы Көшенге полиция сержанты атақтары берілді.

    Алғашқы арнаулы атақтар Асыланбек Сандыбайұлы Халжановқа полиция лейтенанты, Ерболат Толыбайұлы Гуснадиновке полиция кіші лейтенанты ретінде табысталды.

    Салтанатты жиында Павлодар қаласында өткен күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы қоян-қолтық ұрыстан республикалық чемпионаттың жеңімпазы Асхат Абылай да марапатталды.

    Республикалық деңгейдегі жарысқа еліміздің 26 командасы құрамында 208 спортшы қатысып, сегіз салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Чемпионат қорытындысында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің инспекторы Асхат Абылай өз салмақ дәрежесінде І орынды иеленіп, алтын медаль жеңіп алды.

    Жеке құрам алдында өткен жиында Департамент басшылығы қызметкерлерді жаңа арнаулы атақтарымен құттықтап, чемпионның спорттағы жетістігін атап өтті. Сондай-ақ қызметте де, спортта да толағай табыс, абырой және жаңа жетістіктер тіледі.

    Арнаулы атақтардың берілуі мен республикалық чемпионаттағы жеңіс – қызметтік адалдықтың, кәсіби шеберлік пен табандылықтың айқын көрінісі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары