БҚО-да полицейлер қоғамдық орындардың тазалығын бақылауда

    Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық орындарды ластаудың 442 дерегін анықтады. Жуырда жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жүргізілген зерделеу барысында М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің маңындағы студенттер жиі серуендейтін көшеде жас жігіттердің темекі тұқылын жерге тастап, қоғамдық орынды ластау фактісі анықталды.

    Полиция қызметкерлері құқық бұзған азаматтардың жеке басын анықтап, олармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар аталған азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы ретте полиция азаматтарды қоғамдық орындарда тазалық сақтауға, қоқысты белгіленген орындарға тастауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Тазалық пен тәртіпті сақтау – тек тиісті қызметтердің ғана емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті. "Таза Қазақстан" – таза әрі жайлы болашаққа қосқан ортақ үлесіміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары