5.11.2026 ж. Ұлытау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Айнабековтың төралығымен жиналыс өткізілді.

    1 / 5

    5.11.2026 ж. Ұлытау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Айнабековтың төралығымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің қызметкерлері қатысты. Жиын барысында, өтініштерді қарау сапасын арттыру және олардың қайталануын төмендету мақсатында, өтініштерді қарау мерзімдері мен сапасына бақылауды күшейту, өтініштердің дұрыс және уақытылы қайта бағытталуын қамтамасыз ету және оларды қарау барысында формальды тәсілді болдырмау, заңнама талаптарының мүлтіксіз сақталауын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді. Сонымен бірге, тараптар кабинеті бойынша жұмысты жандандыру, нысаналы индикаторларға қол жеткізу және заң бұзушылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселелері талқыланды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының Әділет департаменті" жаңалықтары