2026 жылғы 5 қарашада Көкшетау қаласында Ақмола және Ұлытау облыстарының цифрландыру басқармалары өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіби тәжірибе алмасу, жүзеге асырылып жатқан цифрлық жобаларды таныстыру және өңірлердің цифрлық трансформациясын одан әрі дамыту перспективаларын талқылау.
Ақмола облысының өкілдері мемлекеттік басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және ақпараттық технологияларды өңірдің түрлі салаларында қолдану бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу ашық кәсіби диалог форматында өтті. Қатысушылар цифрлық дамудың өзекті мәселелерін талқылап, практикалық тәжірибелерімен алмасты және өңірлерде тиімді цифрлық шешімдерді қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.
Мұндай өңіраралық өзара іс-қимыл тиімді тәжірибелерді таратуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған цифрлық трансформацияның жаңа тәсілдерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









