Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрағалығымен құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Оған құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, аудан және қала әкімдері қатысты.
Отырыс барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ өңірдегі криминогендік ахуалды жақсарту шаралары қаралды.
Полиция департаментінің мәліметінше, ағымдағы жылдың он айында облыста тіркелген қылмыстар саны 8%-ға төмендеген. Сонымен қатар жекелеген аумақтарда қылмыс пен құқық бұзушылықтардың кейбір түрлерінің өсуі байқалады.
Түнгі уақытта алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың жолын кесу, құқыққа қайшы әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін қараусыз қалған ғимараттарды бақылау, сондай-ақ тұрғын үйлердің ауласында ұрлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда, қараусыз қалған нысандарды анықтап, есепке алу, олардың меншік иелерін белгілеу және мұндай ғимараттарға кіруді шектеу қажеттігі атап өтілді. Ұрлықтың алдын алу мақсатында полицияның ПИК және МИБ-термен өзара іс-қимылын күшейту, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру, аулалар мен кіреберістерге бейнебақылау камераларын орнату және қосымша жарықтандыру мәселелерін пысықтау тапсырылды.
«Жергілікті жерлерде профилактикалық жұмысты күшейту қажет. Түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сатуға қойылған шектеулердің сақталуын бақылауды қамтамасыз етіп, қараусыз қалған ғимараттарға түгендеу жүргізу және оларға кіруді шектеу шараларын қабылдау керек. Аулалардағы ұрлықтың алдын алуға ерекше көңіл бөліп, полицияның ПИК және МИБ-термен өзара іс-қимылын күшейту, бейнебақылау камералары мен қосымша жарықтандыру орнату мәселелерін пысықтау, сондай-ақ тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет», – деп қорытындылады Алтынай Әміренова.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









