Ақмола облысының екі еңбеккері мемлекеттік наградаларға ие болды

    1 / 2

    Бүгін Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің III форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлық сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыстады. Марапатталғандардың қатарында Ақмола облысының екі еңбеккері де бар.

    Бурабай ауданының Баянбай ауылындағы «Burabay Milk» ЖШС-нің бұзау бағушысы Әлия Қапарова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сегіз жылдық еңбек жолында ол өзін жауапты, еңбекқор әрі өз ісіне адал маман ретінде танытты.

    «Жер Өнімдері» ЖШС-нің механизаторы Виктор Клишин III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Ол 2010 жылдан бері осы кәсіпорында еңбек етіп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып келеді.

    Форумда сөз сөйлеген Президент адал еңбек пен ел мүддесіне қызмет етудің маңыздылығын атап өтті.

    «Халқымыз «Ердің атын еңбек шығарады» деп бекер айтпаған. Түптеп келгенде, ең игі іс – ел мүддесіне адал қызмет ету. Ұлт мүддесін мінсіз әрі адал қорғап жүрген азаматтар әрдайым лайықты құрметке ие болады. Бұл – Әділетті Қазақстанның мызғымас қағидаты. Бүгін осында халықтың әл-ауқатын ойлайтын, өз ісіне берілген азаматтар жиналып отыр. Мемлекет сіздерді әрдайым қолдап, еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға тағы да шынайы алғысымды білдіремін», – деді Мемлекет басшысы.

    Жерлестерімізді лайықты мемлекеттік наградаларымен құттықтаймыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының әкімдігі" жаңалықтары