Астанада базарлардың өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

    1 / 3

    Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Астана қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Сауда және қызмет көрсету» салалық кеңесінің отырысына қатысты.

    Кездесу барысында базарлар мен сауда үйлері және супермаркеттерге жақын орналасқан сауда павильондарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

    Әсіресе өрт сөндіру техникасының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ қысқы кезеңде жылыту құралдары мен газ баллон жабдықтарын пайдалану кезіндегі сақтық шараларына ерекше назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары