Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтің төрағалығымен өткен кеңесте жылыту маусымындағы және түрлі нысандардағы өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.
Астана қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтің төрағалығымен өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес өтті.
Жиында тұрғын үй секторында, оның ішінде барак үлгісіндегі үйлерде, хостелдер мен жатақханаларда өрттің алдын алу мәселелері қаралды. Сондай-ақ қоғамдық тамақтану нысандарында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша профилактикалық жұмысты күшейту, нысандардағы өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесіп, өрттің алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.









